Футбол
Бүгін 11:46

Стивен Джеррард "Алтын допты" алатын келесі футболшыны атады

©instagram.com/ballondorofficial

Англия футболының аңызы Стивен Джеррард 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесін кім иеленуге лайық екенін айтты, деп хабарлайды Vesti.kz

"Ливерпульдің" бұрынғы жартылай қорғаушысының пікірінше, бұл марапаттың басты фавориті – оның отандасы, қазір Мюнхеннің "Бавариясында" өнер көрсететін Харри Кейн.

"Мен Кейннің биыл "Алтын допты" жеңіп алғанын қалаймын", – деді Джеррард The Touchline басылымына берген пікірінде.

Өткен маусымда Кейн "Бавария" сапында барлық турнирде 51 матч өткізіп, 61 гол соғып, жеті нәтижелі пас берді.

Ағылшын шабуылшысы Мюнхен клубымен бірге Германия чемпионаты мен Германия кубогын жеңіп алды. Сонымен қатар, "Бавария" Чемпиондар лигасының жартылай финалына дейін жетті.

Осындай көрсеткіштердің арқасында Харри Кейн 2026 жылғы "Алтын допқа" басты үміткерлердің бірі ретінде қарастырылып отыр.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport