Стивен Джерард Англиялық команданы жаттықтырудан бас тартты

Сурет: Soccer365.ru

Шотландиялық "Рейнджерс" футбол клубының бас бапкері Стивен Джеррард Англияда жұмыс істеуден бас тартты. 

Журналист Грегор Макгрегордің ақпаратынша, Джеррардқа "Бристоль Сити" командасын жаттықтыру ұсынылған. Алайда "Ливерпульдің" бұрынғы капитаны ұсынысты қабылдамады.



"Бристоль" чемпионаты аяқталуға бір тур қалғанда Чемпионшиптің турнир кестесінде 11-ші келеді.

"Рейнджерс" Шотландия чемпионатының былтырғы маусымында екінші болған.