Станимир Стойлов Қазақстан құрамасынан кеткен соң жаңа команданың бас бапкері болып тағайындалды
Елордалық "Астана" мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стойлов жаңа команданың тізгінін ұстады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Елордалық "Астана" мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стойлов жаңа команданың тізгінін ұстады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Болгариялық маман бапкерлік қызметін өз отанында жалғастырады. Ол софиялық "Левски" командасының тізгінін ұстап, бірінші жаттығуын өткізіп үлгерді.
Еске салайық, Стойлов төрт рет "Астана" командасымен Қазақстан чемпионы атанды. Сонымен қатар қазақстандық клубтар арасында бірінші болып Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты. Одан бөлек, маман елордалық ұжыммен екі рет Еуропа лигасының топтық кезеңіне шығып, бір рет 1/16 финалға өтті. "Астана" командасынан кейін бапкер 2018-2019 жылдар аралығында Қазақстан құрамасының тізгінін ұстады. Содан соң Стойлов жұмыссыз жүрген еді.
undefined
Жарнама