Станимир Стоилов "Тобылға" қатысты ойын айтты

©kff

"Астана" клубы мен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Станимир Стоилов Vesti.kz тілшісімен сұхбаты барысында "Тобыл" командасынан ұсыныстың түспегенін айтты. Жуырда қостанайлықтардың баспасөз қызметі бас бапкер Александр Москаленконың қызметінен кеткені туралы хабарлаған еді.

"Қазақстан жақтан ұсыныстар келмеді. Қазір мен "Левски" клубын жаттықтырамын. "Левски" мен үшін "Тобылдан" да жаныма жақын. Осы клубта ойнадым, жаттықтырдым. Сондықтан қаржы дағдарысынан аман-есен алып қалып, аяқтан тұрып кетуіне көмектесуім керек. Содан кейін болашағым туралы ойланамыз", - дейді Стоилов.

Еске салайық, "Тобыл" Қазақстан чемпионатында соңғы жеті ойынның тек біреуінде ғана жеңіске жетті. 11-турдан кейін "Тобыл" турнир кестесінде жетінші орынға жайғасты.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport