"Стадиондарда надандық бар". Әлем және Еуропа чемпионы нәсілшілдік туралы

Сурет: "Монако" ФК
"Монаконың" жартылай қорғаушысы Сеск Фабрегас футболдағы нәсілшілдік туралы пікір білдірді. Оыншының сөзін The Guardian беріп отыр.

"Стадиондарда надандық бар, адамдар түсіңе қарап кемітеді. Бұл ақымақтық. Жылдар бойы осылай, әрекет ететін уақыт келді. Стадиондарды жауып, тыйым тарату керек болса, жасаңыздар. Егер оларды түрмеге тоғыту қажет болса - барсын. Керектің бәрін жасаңыздар. Сайқымазақ болғысы келетін басқа да ақымақтар болады, ал онысы қымбатқа түсу керек. Бұған спортта да, әлемде де жол берілмесін", - дейді Фбрегас. 

Аяқталған Франция чемпионатында Фабрегас 18 матчте үш нәтижелі пас берді.

Испания құрамасы сапында хавбек 2010 жылы әлем және екі рет Еуропа чемпионатын ұтқан (2008 және 2012).