Футболдан Қазақстан құрамасының шабуылшысы Оралхан Өміртаев әлем чемпионатының іріктеу кезеңі аясында Босния және Герцеговина құрамасына қарсы дайындық жайлы пікірімен бөлісті.
"Оқу-жаттығу жиындары жақсы басталды. Қазан айының 4 жұлдызынан бастап босниялықтарға дайындықты бастап кеттік. Өздеріңіз білетіндей, қарсыласымыздың сапында еуропалық клубтарда доп тебетін бірқатар мықты ойыншылар бар. Алдағы матчта жанкүйерлерді және отбасымызды қуанту үшін барымызды саламыз. Стадионда жанкүйерлердің 50 пайызы болатындықтан, керемет атмосфера болады", - дейді Өміртаев.
Еске салайық, Қазақстан мен Босния және Герцеговина құрамасы арасындағы кездесу 9 қазанда "Астана Аренада" өтеді