Футбол
Бүгін 08:22

Істі болған "Реал" ойыншысы тыныш жүрмей тағы ұрынды

©mrogowski_photography/depositphotos.com

Мадридтік "Реалдың" қорғаушысы Рауль Асенсио Гран-Канария аралында көлікті мас күйде айдаған, деп хабарлайды Vesti.kz.

Асенсио көлік жүргізу құқығынан айырылды

Mundo Deportivo басылымы Atlántico Hoy-ға сілтеме жасап хабарлағандай, оқиға 16 тамызда аралдың оңтүстігінде болған. Футболшыны Porsche көлігімен келе жатқанда тоқтатып, алкоголь өлшейтін құрылғымен тексергенде оның демінен ішімдіктің мөлшері 0,90 мг/л болғанын көрсетті. Ал рұқсат етілген шекті деңгей - 0,25 мг/л.

Іс жедел тәртіппен қаралып, оның қорытындысы бойынша Асенсиоға 14,4 мың еуро көлемінде айыппұл салынды. Сонымен қатар ол сегіз айға көлік жүргізу құқығынан айырылды.

"Реал" футболшысын тағы бір сот күтіп тұр

Алайда алдағы күндері футболшы тағы да сот алдында жауап береді. Бұл жолы іс басқа жағдайға қатысты.

Лас-Пальмаста Асенсиоға және "Реалдың" академиясының тағы үш түлегіне қатысты сот процесі басталады. Оларға екі әйелдің интимдік сипаттағы видеосын олардың келісімінсіз таратты деген айып тағылып отыр.

Canarias 7 мәліметінше, провинция прокуратурасы Асенсиоға қатысты жеке өмір құпиясын бұзды деген айып тақпауы мүмкін. Ол үшін жәбірленушілер сотта футболшыға кешіріпһм бергенін растауы қажет.

Мұндай жағдайда Асенсио бұл іс бойынша жазадан мүмкін. Сонымен қатар дереккөз футболшының аталған оқиғадағы рөлі қосалқы сипатта болғанын атап өткен.

"Реалдағы" жетістіктері

"Реал" сапында Асенсио 2024 жылы ФИФА құрлықаралық кубогінің жеңімпазы және УЕФА Суперкубогінің иегері атанды.

Сондай-ақ ол мадридтік клуб құрамында Испания чемпионатының күміс жүлдесін екі рет - 2024/25 және 2025/26 маусымдарында жеңіп алды. 2024/25 маусымында қорғаушы "Реалмен" бірге Испания кубогінің финалына дейін жетті.


Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport