Срджан Благоевич Қазақстан құрамасын жаттықтыра ма? Бапкердің өзі жауап берді

©"Астана" ФК

Елодалық "Астана" клубының жаңа бас бапкері Срджан Благоевич Қазақстан құрамасының бапкері бола ма, жоқ па деген сауалға жауап берді, деп жазады Meta-ratings.kz порталы. 

- Қазақстан құрамасын жаттықтыру туралы ұсынысты маған ешкім жасамады. Бұл алып-қашпа әңгіменің барлығы дұрыс емес деп ойлаймын. Өйткені дәл қазір мен "Астананы" жаттықтырамын. Барлық күшімді осы клубқа арнаймын. Ол жақта жұмыс жетіп артылады. Қазақстан құрамасын жаттықтыру мен үшін мәртебе болар еді. Бірақ қазір ол туралы айту ерте. Уақыт көрсетеді. 

Айта кетейік, "Астана" Благовечтің бас бапкер болып тағайындалғанын 21 қараша күні хабарлады. Сербиялық маманмен екі жылдық келісімшарт жасалды. 

Ал қазіргі уақытта Қазақстан құрамасын Талғат Байсуфинов жаттықтырады. Оның келісімшраты желтоқсан соңында аяқталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: