Спорт министрі Адиевті қызметінен босату туралы сұраққа жауап берді
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетпейтінін мәлімдеді.
Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев қызметінен кетпейтінін мәлімдеді.
Мәжілістің комитет отырысында депутат Ринат Заитов спорт мәселесін көтерді.
"Футбол жанкүйері ретінде өтінішім бар. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиевке көз тиген бе? "Ахмат" футбол клубын басқарса да қақпаға 7 гол кіргізеді, ұлттық құраманы басқарып, 5 гол кіргізеді. Бас бапкердің біліктілігі мәселесін көтеріп, (ұлттық құрамадан) ауыстыру керек сияқты ", - деді ол.
Ермек Маржықпаев ұлттық құраманың бас бапкері әзірше ауыспайтынын атап өтті.
"Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ауыспайды. Оның жұмыс істейтініне сенімдіміз. Магомед Адиевпен арадағы келісімшарт 2025 жылы бітеді ", - деді министр комитет отырысынан соң.
Жарнама