Спорт әлеміндегі басты залымдардың есімдері жарияланды

©Getty Images
ESPN басылымы Head in the Game подкастының тыңдаушылары арасында дауыс беру қорытындысына сүйеніп, спорт тарихындағы он залымның тізімін жасады.

Тізімді бастап тұрған каталондық "Барселона" және Уругвай құрамасының шабуылшысы Луис Суарес. Ол ойындағы нәтижесімен бірге қарсыластарын тістейтінімен де аты шыққан.

Екінші, аты даулы футболшы Джоуи Бартон, ал үштікте атақты боксшы Майк Тайсон.

Суаресті қарсыластарын тістейтіні үшін бірнеше рет жазалаған. Нақты айтсақ, ол 2014 жылы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Италия құрамасының қорғаушысы Джорджо Кьеллиниді тістеп алған. Осы үшін уругвайлық төрт айға футболға қатысты істің бәрінен шеттелді және ұлттық команданың тоғыз матчіне қатыстырылмады. 

Испания чемпионатының өткен маусымында Суарес "Барселона" үшін 33 матчте 21 гол соқты. Сонымен бірге, форвард "Ливерпуль" және "Аякс" сапында да ойнаған.

Спорттағы залымдардың топ-10 тізімі мынадай:
1. Луис Суарес (футбол)
2. Джои Бартон (футбол)
3. Майк Тайсон (бокс)
4. Жозе Моуринью (футбол, бапкер)
5. Диего Коста (футбол)
6. кіші Флойд Мейвезер (бокс)
7. Серхио Рамос (футбол)
8. Дэвид Уорнен (крикет)
9. Диего Марадона (бұрынғы футболист, бапкер)
10. Рой Кин (бұрынғы футболист, бапкер)