Футбол агенті Жорже Мендеш 2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесі испаниялық Ламин Ямальға бұйыруы керек деп санайды, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Барселона" вингерінің агенті 19 жастағы футболшының жүлдеге үміткер өзге ойыншылардан айтарлықтай басым екенін атап өтті.
Мендештің айтуынша, Ямальдің алаңдағы өнері оны үміткерлер арасында бірінші орынға анық қоюға мүмкіндік береді.
"Алтын допты", сөзсіз, Ламин Ямаль алуы керек. Ол - үздік ойыншы. Оның басқа үміткерлерден айырмашылығы анық көрініп тұр. Мұны бәріңіз білесіздер", - деп келтіреді Мендештің сөзін инсайдер Фабрицио Романо.
Жасына қарамастан, Ямаль "Барселонаның" негізгі ойыншыларының біріне айналып үлгерді және жылдың басты жеке жүлдесіне басты үміткерлер қатарында тұр.
Өткен маусымның қорытындысы бойынша Ямаль "Барселона" сапында Ла Лига чемпионы атанды. Ал Испания құрамасымен бірге 19 жастағы вингер 2026 жылғы әлем чемпионатында алтын жеңіп алды.
2026 жылғы "Алтын доп" жүлдесін табыстау рәсімі 26 қазанда Лондонда өтеді. Бұл футболдағы беделді марапаттың тарихындағы 70-ші рәсім болмақ. Жеңімпаз ФИФА рейтингінің алғашқы жүздігіне кіретін елдердің атынан қатысатын 100 журналистің дауыс беруі арқылы анықталады. "Алтын доптың" қазіргі иегері - ПСЖ шабуылшысы Усман Дембеле.
Жарнама