Футбол
16 қараша 2021 17:45

Сөзінде тұрған футболшы сақалын алып тастады

"Крылья Советов" клубының шабуылшысы Иван Сергеев сақалын алып тастады. Біраздан бері барбершоп қызметін пайдаланбай жүрген ойыншы өткен жылы Ресей құрамасына шақырту алған жағдайда сақалын алалытын жария еткен болатын.

26 жастағы форвард карьерасында тұңғыш рет құрама сапына қараша айының ойындарына шақырту алды. Алайда Кипрмен (6:0) және Хорватиямен (0:1) өткен матчтарда алаңға шықпады. Сергеев осыған дейін тек Ресейдің студенттер командасында доп тепкен.

Еске салайық, Н тобында іріктеу турнирін 22 ұпаймен екінші орында аяқтаған Валерий Карпин жігіттері енді Катардағы футбол тойына бару үшін қосымша квалификациядан өтетін болады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport