"Астана" клубының бас бапкері Срджан Благоевич ҚПЛ дебютантына күтпеген жерден ұтылған соң пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Екінші тур ойыны Павлодар қаласында өтіп, жергілікті команда 1:0 есебімен жеңіске жетті.
"Ақсу" командасын жеңісімен құттықтаймын. Ойын қорытындысы бойынша мұндай есептің тіркелуі заңды ма әлде заңды емес пе, ол жағын білмедім. Матч алдында фаворит болғанымызбен, таблодағы есептен кейін ақтала алмаймыз. Алып қосар сөзім жоқ", - деді сербиялық маман елордалық ұжымның сайтына берген сұхбатында.
Еске салайық, үшінші турда "Ақсу" қонақта "Шахтермен" кездессе, "Астана" өз алаңында "Ақтөбені" қабылдайды.