Сот төрт қызды зорлады деген Бенжамин Мендиді бостандыққа шығарудан бас тартты

©mirror.co.uk

Ливерпуль қаласының соты Патрик Томпсон төрт қызды зорлады деп айыпталып жатқан "Манчестер Сити" қорғаушысы Бенжамин Мендиді кепіл төлесе де бостандыққа шығарудан бас тартты. Бұл туралы The Mirror хабарлады. 

Франциялық қорғаушыға 2020 жылдың қазан айы мен 2021 жылдың тамызы аралығында төрт қызды зорлады және бір қызға қырындады деген айып тағылуда. Бұл айыптардың барлығы Мендиге 26 тамызда тағылған болатын. 

Қорғаушы осымен үшінші рет кепіл төлеуге тырысқан еді. Бірақ сот бұл жолы да оны бостандыққа шығарудан бас тартты. Енді Бенжаминнің ісіне байланысты сот отырысы 2022 жылдың 24 қаңтарында өтеді. 

Айта кетейік, тамыз айында "Манчестер Сити" Мендиді командадан шеттегені туралы хабарлады. Ол ағылшындық команда сапында 2017 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Оған дейін Бенжамин "Гавр", "Марсель" және "Монако" командаларының намысын қорғаған. 

 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: