"Соңына дейін күресеміз". Карло Анчелотти Чемпиондар Лигасы жайлы

6 желтоқсан 2021 23:25
©Marca

"Реал" бас бапкері Карло Анчелотти команданың Чемпиондар Лигасындағы жоспарымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

"Осы турнирге қатысып жатқан барлық командамен бәсекеге түсуге болады. Чемпиондар Лигасын ұтқысы келетін клуб кез-келген ұжыммен ойнауға дайын болу керек. Бұл жолы біз Еуропадағы ең мықты командалардың бірін ұтуымыз тиіс. Чемпиондар Лигасының Кубогін алғымыз келсе соңына дейін күресуіміз керек, - дейді Анчелотти.

Еске салайық, 7 желтоқсанда Чемпиондар Лигасының 6-тур ойындары өтеді. Әйгілі "Сантьяго Бернабеу" стадионында Карло Анчелотти шәкірттері Италияның "Интерін" қабылдайды. Әзірге D тобында "Реал" 12 ұпаймен көш бастап тұрса, "Интер" 10 ұпаймен екінші орынға жайғасқан. "Корольдік" клубқа топтан бірінші орынмен шығу үшін тең есептің өзі жеткілікті болады. Бес матчта 6 балл жинаған Молдованың "Шерифі" еуро турнирін Еуропа Лигасында жалғастырса, 1 ұпайы бар "Шахтер" жарыстан шығып қалды.  

Карло Анчелотти бапкер ретінде Чемпиондар Лигасының Кубогін "Миланмен" екі рет және "Реал" клубымен бір рет жеңген.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар