"Сонша еңбектенгенде осындай гол өткізіп аласыңдар ма?". Қазақстан бапкері Еуро-2022 іріктеу матчі жайлы

Сурет: KazFootball.kz

Футзалдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Рикардо Кака Еуро-2022 іріктеуіндегі Беларусьпен матчке қатысты пікір білдірді,- деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазақстан астанасында өткен кездесу 5:2 есебімен аяқталды.

"Бұл сенімді жеңіс болды. Бастапқыда өз ойынымызды таба алмай жүрдік, бірақ, голдан кейін қыза түсіп, ойынды бақылауға алдық. Голдар өткізіп алдық, жанкүйерлерсіз және трибунада қажетті атмосфера жоқта матч бойы зейін сақтау қиын. Ойынды әлі саралаймыз, бірақ, жігіттерге ризамын. Гол өткізіп алғанда оларға "сонша дайындалып, еңбектенгенде осындай голды өткізіп аласыңдар ма?" дедім. Ондай болады. Ойыншылар да, бапкерлер де қателеседі. Мұндай қателіктерді азайту үшін күш саламыз", - дейді ҚФФ баспасөз қызметіне.