"Соңғы би". Роналду мен Месси бір-біріне қарсы ойнайды

©"Чемпионат"

Лионель Месси мен Криштиану Роналду футбол алаңында бір-біріне қарсы ойнайтын болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

"Интер Майами" 2024 жылы ақпанда өтетін Riyadh Season Cup турниріне қатысатынын растады, бұл жарыста "Әл-Хиләлмен" қатар "Әл-Наср" командасы да ойнайды. 

Жарыс лига форматында Эр-Риядта өтеді.

Ресми баспасөз хабарламада бұл шараға "соңғы би" деген сипаттама беріпті. Бұл турнир туралы Сауд Арабиясының ойын-сауық істері басқармасының жетекшісі Турки Әл аш-Шейх те осы сипатта сөйлеп, оны "футбол ұлылығының соңғы биі" деп атады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport