"РБ" Еуро-2024 іріктеуіндегі Солтүстік Ирландия - Қазақстан матчіне батыл болжам жасады, деп хабарлайды Vesti.kz.
H тобындағы кездесу 20 маусымға қараған түні Белфастта өтеді. Басталуы Астана уақытымен 00:45.
"Солтүстік Ирландия мен Қазақстан бұрын кездеспеген. Букмекерлер неге екені алаң қожайындарының жеңісіне сенімді. Алайда ирландиялықтар наурызда өз алаңында қарапайым Финляндиядан ұтылып қалған.
Ал Қазақстан қалай өсіп келе жатқанын көріп отырмыз. Магомед Адиевтің жетекшілігімен команда былтыр жақсы ойнады. Науырзда болса Даниямен ойында шулатты.
Меніңше, алаң қонақтары ұтылмайды, тіпті ұтуы да ықтимал", - деп жазыпты дереккөз.