"Сол күннен бәрі өзгерді". Месси ӘЧ-дегі жеңіске қатысты

©Lee Smith / Reuters

ПСЖ мен Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси ұлттық командасымен Катардағы әлем чемпионатындағы жеңісіне қатысты ойын айтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

Финалда аргентиналықтар Франция құрамасын пенальти сериясында ұтып кеткен еді. 

"Сол күннен бастап бәрі өзгерді. Мен және өзгелер үшін де бұл ғаламат дүние болды. Біз соншалықты армандаған дүние іске асты. Бүкіл карьерам бойы армандағаным, оның аяқталар тұсында келді. 

Бұған дейінгі ойлағанымның бәрі сол сәт келгенде уақ-түйек болып қалды. Мен бұл сәтті адамдар, өз сезімдерім, достарым және отбасымның эмоциясымен қарсы алдым. Бүкіл Аргентинамен. Мен әлем чемпионатын ұту қалай болатынын елестетуші едім, бірақ бұл бүкіл үмітіңнен еселеп асып түсті", - деп береді Мессидің сөзін TyC Sports сайты Urbana Play басылымына сілтеме жасап.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: