"Содан кейін...". Кирилл Кекер ойыншылар мен жанкүйерлерге алғыс айтты  

сурет: Қайрат фк

Кирилл Кекер "Қайраттың" келесі раундқа өтуіне орай мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.  

"Ойыншыларға алғыс айтқым келеді. Олар бапкерлік штабтың жоспарын толықтай орындап шықты.

Бізге қолдау көрсеткен, керемет атмосфера сыйлаған жанкүйерлерге көп рақмет! Алдағы матчтерде де дәл осылай қолдау білдіріңіздер! Келесі кездесуіміз Қазақстан Кубогінде "Каспий" командасына қарсы өтеді. Содан кейін "Црвена Звезда" клубын зерттеуге көшеміз", - дейді Кекер.

Еске салайық, Хайфаның "Маккабиін" ұтқан "Қайрат" Чемпиондар Лигасының екінші іріктеу айналымында "Црвена Звездамен" кездеседі. 2015/16 жылғы маусымда Еуропа Лигасының бірінші кезеңінде өзара мықтыны анықтап, қос матч қорытындысы бойынша "халықтық" команда жеңіске жеткен болатын.

Метки:
Жаңалықтар