Футбол
Бүгін 13:33
 

Смақов екінші голын соғып "Бешикташты" жеңіске жетеледі

  Пікірлер

blog.share

Смақов екінші голын соғып "Бешикташты" жеңіске жетеледі Аламгир Смаков. Сурет: "Бешикташ" ФК©

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Аламгир Смақов Түркия чемпионатында "Бешикташ" U-19 сапындағы сәтті өнер көрсетіп жүр, деп хабарлайды Vesti.kz.

blog.share

Футболдан Қазақстан жастар құрамасының жартылай қорғаушысы Аламгир Смақов Түркия чемпионатында "Бешикташ" U-19 сапындағы сәтті өнер көрсетіп жүр, деп хабарлайды Vesti.kz.

18 жастағы жартылай қорғаушы Түркияның 19 жасқа дейінгі командалары арасындағы чемпионаттың екінші турында сырт алаңда "Аланьяспорға" қарсы матчта көзге түсті. Смақов негізгі құрамда алаңға шығып, 17-минутта есеп ашты. Ал 73-минутта Улаш Имай Гюрбюз "Бешикташтың" пайдасына қорытынды есепті белгіледі - 2:0.

Осы жеңістің арқасында "Бешикташ" екі матчтан кейін алты ұпай жинап, турнир кестесінде үшінші орында тұр. Ыстамбұлдық клуб "Галатасарай" мен "Трабзонспордан" тек қосымша көрсеткіштер бойынша қалып келеді.

Смақов үшін бұл "Бешикташ" сапындағы екі матчтағы екінші гол болды. Ол бірінші турдағы дебюттік кездесуінде де гол соғып, командасының "Эюпспорды" 4:2 есебімен жеңуіне үлес қосты.

Түркияға ауысқанға дейін Смақов "Қайрат Жастар" сапында өнер көрсетті. Қазақстан Бірінші лигасының өткен маусымында жартылай қорғаушы жеті матч өткізіп, төрт гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Аламгир "Қайрат" академиясының түлегі әрі Қазақстанның танымал футболшысы Самат Смақовтың ұлы.
 
 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!