Талдықорғандық Жетісу клубының бас бапкері Самат Смақов Кайрат матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында, Vesti.kz тілшісінің сұрағына жауап бере отырып, "Қайраттың" 18 жастағы жас қақпашысы Шерхан Қалмырзаға артық назар түсіп жатқанын айтты.
"Аға ретінде мен әрқашан онымен (Шерханмен) сөйлесемін. Шынымды айтсам, мен оған журналистермен сөйлеспеуге, тек клубтың баспасөз қызмсетімен ғана байланыста болуға кеңес бердім. Себебі ол бар болғаны 18 жаста.
Қарапайым мысал келтірейін: бір футболшыны мүлде жоғалтып алдық – Еркебұлан Сейдахмет. Ол Уфаға кеткенде: "Еркебұлан әжетханаға барды", "Еркебұлан кофе сатып алды" деген сияқты жаңалықтар шықты... Қазір Еркебұлан жоқ, әлі есін жия алмай жүр. Міне, осындай қысым. Бір сәтте бала бәрінен адасуы мүмкін.
Бұл тек Шерханға ғана қатысты емес, сондай-ақ Азамат Тұяқбаев, Дастан Сәтбаев та бар. Сондықтан, егер мүмкіндік болса, өтініш, жастарға ондай қысым көп жасалмасын, жас футболшыларды тым биікке көтерудің қажеті жоқ.
Негізінде, олар футболда әлі ештеңеге жете алған жоқ. Бір-екі ойыннан кейін бүкіл карьера құруы мүмкін. Мұндай мысалдар өте көп, сондықтан оларды шектен тыс мақтаудың, аспанға көтерудің қажеті жоқ. Шынымды айтсам, осындай жолмен бүтін бір ұрпақты екі-ақ секундта жоғалтып алуымыз мүмкін", - деді Смақов.
Еске салайық, "Қайрат" пен "Жетісу" арасындағы кездесу Қазақстан премьер лигасының кейінге шегерілген 24-тур аясында өтті және алматылық команданың пайдасына 5:0 есебімен аяқталды.