Словения футбол одағының ресми сайтында Чемпиондар лигасының бірінші іріктеуіндегі "Олимпияның" қазақстандық "Қайраттан" ұтылуына (2:0) қатысты пікір білдірілді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Любляна ойыншылары УЕФА Чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінің алғашқы сатысында-ақ өз жолын аяқтады. Қазақстандық клубпен екі матчтық кездесуде жеңіске жету оларға екінші раундта теориялық тұрғыдан әлдеқайда ыңғайлы қарсылас – финляндиялық КуПС немесе молдовалық "Милсамиға" қарсы ойнауға мүмкіндік берер еді. Енді бұл мүмкіндікті "Қайрат" пайдаланады, ал "Олимпия" еуромаусымдағы жорығын Конференциялар лигасы арқылы құтқаруға тырысады. Олар бұл турнирді екінші іріктеу кезеңінен бастайды.
Алматыдағы сырт алаңда команда ("Олимпия") шешімді мінез көрсетпек болған, алайда, алаңда оны орындай алмады. Нашар ойын көрсетіп, Чемпиондар лигасы туралы арманымен – тіпті жалпы еурокубоктермен – тез қоштасты".
Жарнама