Словенияда ескі есеміз бар! Адиев Ұлттар лигасының жеребесі жайлы ойын айтты
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасының жеребесі туралы ойын айтты.
Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Ұлттар лигасының жеребесі туралы ойын айтты.
Жеребе қорытындысы бойынша Қазақстан В лигасында Аустрия, Норвегия және Словения құрамаларынмен бір топқа түсті.
"Мықты командалармен бір топқа түстік. Әр қарсыласты жеке талдап, әр матчте бәсекеге қабілетті болып, жеңіске тырысуымыз қажет. Холанд, Алаба сияқты жұлдыздарға қарсы ойнағанда футбол қауымдастығының назарында болатынымыз түсінікті. Ал Словениямен ескі есебіміз бар, олар біздің тіс қайрап отырған қарсыласымыз. Үлкен футболшылармен ойында өзіңді тексеріп көру әрдайым қызық. Нұралы Әліпке осындай футболшылармен тартысу қызық болады", - деп береді маманның сөзін ҚФФ.
Жарнама