Футбол
7 маусым 2022 17:20

Словакияның капитаны Қазақстанға қарсы жауапты кездесуге қатыспайды

©nogomania

Словакия құрамасы мен миландық "Интердің" қорғаушысы Милан Шкриньярдың Ұлттар лигасы Қазақстан құрамасына қарсы кездесуде алған жарақаты ауыр болуы мүмкін. Бұл туралы Nogomania порталы хабарлайды. 

"Шкриньярдың алған жарақаты қаншалықты ауыр екені белгісіз. Бірақ, бір қарағанда жарақаты ауыр секілді", - деп жазады дереккөз. 

Осы жарақатына байланысты Словкаия құрамасының капитаны Қазақстанға қарсы ойынға қатыса алмауы мүмкін. Бұл кездесу 13 маусым күні Нұр-Сұлтан қаласында өтеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport