Словакияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасы анықталды

©Reuters

Футболдан Қазақстан құрамасының бас бапері Магомед Адиев Ұлттар лигасында Словакияға қарсы ойынға қатысатын негізгі құрам ойыншыларын жариялады, деп жазады инсайдер Айдын Қожахмет. 

Бұл кездесуге бапкер бірнеше өзгеріс енгізіпті. Негізгі құрамға Асхат Тағыберген оралды. Ал Рамазан Оразов болмайды. Оның орнына жартылай қорғаныста Ян Вороговсикй ойнайды. Ал сол қапталдағы қорғаушы қызметін Тимур Досмағанбетов атқарады. 

Словакияға қарсы ойнайтын Қазақстан құрамасы: 

Қақпашы: Игорь Шацкий;

Қорғаушылар: Михаил Габышев, Сергей Малый, Александр Марочкин, Нұралы Әліп, Тимур Досмағамбетов;

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген (с), Асылан Дарабаев, Ян Вороговский, Эльхан Астанов;

Шабуылшы: Абат Айымбетов.

Еске салайық, Қазақстан мен Словакия арасындағы бірінші кездесу Трнава қаласында өтіп, 1:0 есебімен біздің пайдамызға аяқталды. Ал екінші кездесу бүгін, НұрСұлтан қаласында өтеді. Матч 20:00-де басталады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport