Словакияға қарсы кездесуде Қазақстанның капитаны кім болатыны айтылды

©ҚФФ

Ұлттар лигасы Словакияға қарсы кездесуде Қазақстан құрамасының капитаны кім болатыны айтылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Словакия мен Қазақстан арасындағы матч ертең, 6 маусым күні өтеді. Ойын "Сити Арена" атындағы стадионда болады. Бұл ойынға Асхат Тағыберген қатыспайды. Сол үшін Қазақстан құрамасының капитаны ауысады.  

"Ертеңгі кездесуде Исламбек Қуат капитан ретінде команданы алаңға алып шығады. Ол біздің көшбасшы. Ертең жігіттерді алаңда Ислам жігерлендіреді", - деді Магомед Адиев. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар