Словакияға қарсы кездесу алдында Қазақстан құрамасына екі футболшы қосылды

©ҚФФ

Ұлттар лигасындағы Словакияға қарсы кездесу алдында Қазақстан құрамасының сапына екі футболшы қосылды, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Олардың біріншісі - Асхат Тағыберген. Командамыздың капитаны Әзірбайжанға қарсы кездесуде өнер көрсеткен еді. Бірақ сол кездесуде жарақат алып, сырт алаңдағы екі ойынға барған жоқ. Енді оның жарақаты жазылған екен. Бүгін Асхат командамен жаттығу өткізді. Ертең, ойынға Тағыберген капитан ретінде құрамамызды алаңға бастап шығады. 

Құраманың сапына қосылған екінші футболшы - Юрий Логвиненко. "Ақтөбенің" қорғаушысы алғашқы үш ойынға шақырту алған жоқ. Ертең ол Магомед Адиев жаттықтырғаннан бері Қазақстан құрамасы сапында алғашқы кездесуін өткізуі мүмкін. 

Айта кетейік, "С" тобындағы Қазақстан мен Словакия арасындағы кездесу ертең, 13 маусым күні "Астана-Арена" стадионында өтеді. Ойын Нұр-Сұлтан уақытымен 20:00-де басталады. Кездесуді QazSport арнасы тікелей эфирде көрсетеді. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport