Словакия мен Қазақстан арасындағы матчтың төрешілері белгілі болды
УЕФА ресми сайтын Ұлттар лигасының екінші туры аясында өтетін Словакия - Қазақстан матчында қызмет ететін төрешілердің есімін жариялады.
УЕФА ресми сайтын Ұлттар лигасының екінші туры аясында өтетін Словакия - Қазақстан матчында қызмет ететін төрешілердің есімін жариялады.
Бұл ойын эстониялық төрешілер тобына сеніп тапсырылды. Бас қазы болып Кристо Тохвер тағайындалса, оған қос қапталдан Силвер Кыйв пен Стен Клаасен көмектесетін болады. Төртінші төреші қызметіне Йоонас Яановиц бекітілді.
Ал VAR-ға швейцариялық мамандар, атап айтсақ, Федайи Сан мен Штефан Хорисберге жауапты болмақ.
Кристо Тохвер соңғы рет 1 маусым күні өткен Мальта мен Венесуэла арасындағы жолдастық матчта жұмыс жасап, алты ойыншыны сары қағазбен жазалаған.
Айта кетейік, Словакия мен Қазақстан арасындағы матч маусымның 6-нан 7-не қараған түні Нұр-Сұлтан уақытымен 00:45-те басталады.
Жарнама