Футбол
14 маусым 2022 03:11

Словакия капитаны топтан бірінші нөмірде шығатын мүмкіндік барын айтты

©РИА Новости

Словакия құрамасының капитаны Юрай Куцка Қазақстан командасына қатарынан екінші ойында есе жібергеннен кейін пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Астана Аренадағы" матч 2:1 есебімен аяқталды.

"Мүмкіндіктеріміз болды. Соның арқасында гол салдық. Бірінші таймда біз жоспарлағандай ойын өрнегін көрсете алмадық. Турнир кестесінің көшін бастаймыз деген ойымыз болған. Көздеген мақсатымызға әлі де жетуге болады", - дейді капитан.

Еске салайық, өз тобында 10 ұпаймен көш бастаған Қазақстан құрамасы турнирдегі келесі ойынын өз алаңында 22 қыркүйекте Беларусь ойыншыларына қарсы өткізсе, араға үш күн салып қонақта Әзірбайжан командасымен өзара мықтыны анықтайды.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport