"Симеоненің қолын алмаймын". Юрген Клопп "Атлетико" бапкері жайлы

©championat

"Ливерпуль" бас бапкері Юрген Клопп "Атлетико" жаттықтырушысы Диего Симеонемен қол алыспайтындығын айтты.

"Мен Диегомен қол алыспаймын. Егер Симеоненің матчтан кейін қол алмайтынын алдын ала білгенімде оның жанына бармайтын да едім. Қол алысқанда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймын. Екеуміздің де эмоцияларамыз қайнап тұрды. Бұдан былай Диегоның қол алыспайтынын біліп жүрем. Тек бар болғаны жұдырықтарымызды түйістіруіміз мүмкін", - дейді Клопп BFMtv арнасына берген сұхбатында.

Еске салайық, Мадридтегі матчтан кейін "Атлетико" бапкері Диего Симеоне ешкіммен қол алыспастан стдионнан қашып кеткен болатын. Ал ойын 2:3 есебімен ағылшын клубының пайдасына аяқталды.

Бүгін түнде Чемпиондар Лигасының төртінші турында Ливерпуль мен Атлетико (Мадрид) ұжымдары кездеседі. Әзірге В тобында Юрген Клопп командасы 9 ұпаймен көш бастап тұрса, испаниялықтар 4 ұпаймен екінші орынға жайғасқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар