Футбол
27 тамыз 08:51

"Шындықты айту керек". "Селтиктің" бапкері "Қайратпен" матч жайлы ащы шындықты айтты

©futbik.com

"Селтиктің" бас бапкері Брендан Роджерс Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңіндегі "Қайратқа" қарсы қарымта матчтың нәтижесіне пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Еске салайық, Алматыда өткен матчтің негізгі және қосымша уақытта есеп ашылған жоқ, ал пенальти сериясында "Қайрат" 3:2 есебімен жеңіске жетіп, өз тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне өтті.

Роджерстің пікірі:

"Егер мұндай матчтарда гол соқпасаң, кез келген нәрсе болуы мүмкін.

Бұл өте нашар ойын болды. Біз нашар ойнадық. Чемпиондар лигасының тобына қайта оралғымыз келген. Бірақ шындықты айту керек. Чемпиондар лигасы әлдеқайда жоғары деңгей талап етеді. Біз көңіліміз түсті. Ешқандай сылтау жоқ. Жанкүйерлеріміз ұзақ жол жүріп келді. Біз олардың алдында да ұятқа қалдық.

Мен жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Олар көп күш, қаражат жұмсады. Біз оларды қуантқымыз келген
Бізде жеткілікті мүмкіндік болды. Бірақ біз оларды пайдалана алмадық.

"Қайратты" құттықтауымыз керек. Мен олардың топтық кезеңде де нәтижеге қол жеткізетініне сенемін.
Чемпиондар лигасы - керемет турнир. Біз бірлік сақтауымыз керек. Алда бізді қиын жол күтіп тұр. Мүмкін, құрам сапасында да мәселе бар шығар. Біз өз алаңымызда жеңіске жетіп, гол соғуымыз керек еді. Бірақ біз бұл маусымда Чемпиондар лигасында ойнауға лайық болмадық, – деді Роджерс.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport