Футбол
1 қазан 12:52

"Шындыққа тура қарайық". Бас бапкер "Реал" - "Қайрат" матчі жайлы

©

"Қайраттың" бас бапкері Рафаэль Уразбахтин Чемпиондар лигасындағы екі ірі жеңілістің командаға әсері қандай болады деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Алматылықтар жалпы кезеңнің басында сырт алаңда португалиялық "Спортингтен" 1:4 есебімен ұтылса, екінші турда Алматыда "Реалға" 0:5 есебімен ойсырап қалды.

"Шындыққа тура қарайықшы. Олардың құрамы - 1 миллиард 400 миллион еуро, ал біздікі - 12 миллион. Бір ғана ойыншысының бағасы бүкіл біздің чемпионаттан қымбат. Біздің клубтар топтық кезеңге жиі шығуы керек. Былтыр "Астана" "Челсиді" әкелді, биыл біз - "Реалды". Мүмкін бұл футболымыздың дамуына әсер етер. Жаңа стадиондар салынып қалар?!

Біз қай деңгейде тұрғанымызды жақсы түсінеміз. Сондықтан "Спортингтен" 1:4 және "Реалдан" 0:5 есебімен ұтылу бізге ауыр соққы болады деп ойламаймын. Мбаппе немесе Винисиусты қалай қуып жетуге болады? Тек осындай матчтар арқылы ғана дамуымыз мүмкін", - деді Уразбахтин.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport