Шымкентте орталық стадион шатырының құлауына қатысты тергеу басталды

©

Шымкентте орталық стадион шатырының құлау жайты бойынша тергеу басталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті ресми мәлімет таратты.

"Орталық стадиондағы шатырдың құлауы туралы хабарлама түсе салысымен оқиға орнына полицияның жедел-тергеу тобы барды.

Белгілі болғандай, Павлодардың "Ақсу" - "Ордабасы" командалары арасындағы футбол матчы кезінде қатты желдің салдарынан шатыр құлаған. Оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ.

Аталған жайт бойынша полицейлер ҚР ҚК 278-бабы "сапасыз құрылыс" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", -  делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Айта кетейік, Шымкентте футбол матчы кезінде стадионның шатыры ұшып, алаңға түскен еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки:
Жаңалықтар