Шымкентте орталық стадион шатырының құлау жайты бойынша тергеу басталды. Бұл туралы қалалық Полиция департаменті ресми мәлімет таратты.
"Орталық стадиондағы шатырдың құлауы туралы хабарлама түсе салысымен оқиға орнына полицияның жедел-тергеу тобы барды.
Белгілі болғандай, Павлодардың "Ақсу" - "Ордабасы" командалары арасындағы футбол матчы кезінде қатты желдің салдарынан шатыр құлаған. Оқыс жағдайдан зардап шеккендер жоқ.
Аталған жайт бойынша полицейлер ҚР ҚК 278-бабы "сапасыз құрылыс" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", - делінген ПД баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Айта кетейік, Шымкентте футбол матчы кезінде стадионның шатыры ұшып, алаңға түскен еді.