Шымкентте "Ордабасы" легионерін үй қызметшісі тонап кетті
"Ордабасы" ФК баспасөз қызметі
Шымкенттік "Ордабасы" клубының аргентиналық қорғаушысы Пабло Фонтанеллоны тонап кетті, - деп хабарлайды Timeskz.kz.
Футболшы отбасымен Шымкентте пәтер жалдап тұрады. Футболшының жары шараға әшекей бұйымдарын тағып бармақшы болған кезде, бұйымдардың жоғалғанын байқаған.
Фонтанелло бірден полициға арыз берді. Күдікке үй қызметшісі ілігіп, тергеу барысында оның кінәсі дәлелденді. Тонауға қатысты қылмыстық іс әл Фараби аудандық сотына өткізілді.
Сот отырысы басталысымен күдікті ұрланған заттарды иесіне қайтарып берді. Ол әшекей бұйымдарды ломбардқа өткізген екен. Бірақ бұл жағдайдан қашып құтыла алмайтынын білгеннен кейін ол бірден заттарды иесіне қайтарған.
Үй қызметшісінің төрт баласы бар екен. Сот барысында Фонтанелло үй қызметшісін кешіріп, мәмілеге келді.

Жарнама