Шымкентте футбол жанкүйерлері арасындағы жанжал видеоға түсіп қалған. ІІМ өкілі осы жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Әлеуметтік желілерде жанкүйерлер арасындағы қақтығыстың видеосы пайда болды. ІІМ өкілі осы оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады.
"29 қазанда сағат 17.30-да 102 нөміріне Шымкент тұрғынынан Тәуке хан даңғылы мен А.Байтұрсынов көшесі қиылысында жастар жиналып жатқаны туралы хабарлама түсті. А.Байтұрсынов көшесінде шамамен 50 шақты Ақтөбе тұрғыны ("Ақтөбе" футбол командасының жанкүйерлері) 10 шақты Шымкент тұрғынын ("Ордабасы" футбол командасының жанкүйерлері) қарсы алғаны анықталды. Олардың арасында жанжал болып, оны полицейлер тоқтатты", - деді құқық қорғау органдарының өкілдері.