Шығыны төрт еседен асады. Қазақстандық клубтардың кейінгі он жылда трансферге қанша жұмсағаны анықталды

Сурет: "Қайрат" ФК

Қазақстандық футбол клубтары кейінгі он жылда трансферге қанша жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.

ФИФА ұйымының ресми сатында жарияланған есеп бойынша, қазақстандық командалар ойыншыларды сатып алуға 34,1 миллион доллар жұмсаған. Ал сатудан тек 6,4 миллион кіріс көрген, демек, шығын 27,7 миллион долларды құрап отыр.

Қазақстандық клубтар кейінгі он жылда жалпы 989 футболшыны өз сапына қосса, сыртқа 636 трансфер жасаған екен.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар