Қазақстандық футбол клубтары кейінгі он жылда трансферге қанша жұмсағаны белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz.
ФИФА ұйымының ресми сатында жарияланған есеп бойынша, қазақстандық командалар ойыншыларды сатып алуға 34,1 миллион доллар жұмсаған. Ал сатудан тек 6,4 миллион кіріс көрген, демек, шығын 27,7 миллион долларды құрап отыр.
Қазақстандық клубтар кейінгі он жылда жалпы 989 футболшыны өз сапына қосса, сыртқа 636 трансфер жасаған екен.