Швейцарияны ойсырата ұтқан Италия Еуроның плей-офф кезеңіне бірінші болып өтіп тұр

Сурет: dsnews.ua

Футболдан Италия құрамасы Еуропа чемпионатының топтық кезеңіндегі екінші матчте Швейцария командасын ұтты, деп хабарлайды Vesti.kz.

А тобындағы кездесу Римдегі "Олимпико" стадионында өтіп, 3:0 есебімен аяқталды. Италия командасынан Мануэль Локателли (26 және 52-ші минутта) және Чиро Иммобиле (89-ші минутта) гол салды.

Алаң иелері 19-ші минутта гол соққан, алайда, ол Джорджо Кьеллини қолымен ойнағандықтан есепке алынбады.

Италия мұның алдында Түркияны ұтып (3:0), алты ұпаймен плей-офф кезеңге кепілді түрде өтіп тұр. Осы топтағы Уэльсте төрт ұпай, швейцарияда - 1, ал Түркия құрамасында - 0.

Топтық кезеңнің 20-маусымдағы қорытынды ойынында Италия құрамасы Римде Уэльспен ойнайды, Бакуде Швейцария - Түркия матчі өтеді.

Метки: