Бүгін, 19 маусымға қараған түні футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында Швейцария мен Босния және Герцеговина құрамалары арасындағы екінші тур матчы өтеді деп хабарлайды Vesti.kz.
B тобының екінші турындағы ойын Лос-Анджелесте өтеді және матч 00:00-де басталады. Тікелей трансляция Qazaqstan телеарнасында және телеарнаның ресми сайтында көрсетіледі.
Бірінші турда Швейцария күтпеген нәтижемен Катармен 1:1 есебімен тең түсті. Ал Босния және Герцеговина Канадаға қарсы ойында жеңімпазды анықтай алмады.
Айта кетейік, Босния және Герцеговина құрамасында "Астана" клубының жартылай қорғаушысы Иван Башич өнер көрсетеді.
Сонымен қатар, бұл квартеттегі төрт команданың бәрінде бір-бір ұпайдан бар.
Жарнама