Футбол
15 маусым 12:49

Швеция құрамасы әлем чемпионатында 72 жыл болмаған рекордты жаңартты

©Depositphotos/

Швеция құрамасы ӘЧ-2026 топтық кезеңінің алғашқы турында Тунисті 5:1 есебімен ойсырата жеңіп, әлем біріншілігі тарихындағы ерекше жетістікке қол жеткізді, деп хабарлайды Vesti.kz

Тарихқа кірге алыстан үш соққы

Кездесудің басты ерекшелігі – шведтердің бес голының үшеуі айып алаңының сыртынан соғылғаны болды.

MisterChip лақап атымен танымал футбол тарихшысы әрі статистика маманының мәліметінше, бұл – 1954 жылдан бері әлем чемпионатында бір команданың алыс қашықтықтан үш немесе одан да көп гол соққан алғашқы жағдайы.

Мұндай көрсеткіш соңғы рет 72 жыл бұрын тіркелген. Сол кезде Аустрия құрамасы Швейцарияны 7:5 есебімен жеңген тарихи матчта төрт голды алыстан бағыттаған соққылар арқылы соққан болатын.

Матч қаһармандары

Швеция сапында Ясин Аяри дубль авторы атанды. Оның екі голы да айып алаңының сыртынан дәл соғылды.

Ал үшінші алыстан соғылған голдың авторы Александр Исак болды. Шабуылшы қарсылас қақпашысын қуатты әрі дәл соққысымен қапы қалдырды.

F тобындағы жағдай

Алғашқы турдан кейін F тобындағы турнирлік кесте мынадай қалыптасты:

Швеция — 3 ұпай;
Нидерланд — 1 ұпай;
Жапония — 1 ұпай;
Тунис — 0 ұпай.
Айта кетейік, бұған дейін Швеция құрамасының ойыншысы ӘЧ-2026 турнирінде матч басталғаннан кейін небәрі 17 секунд өткенде гол соғып, әлем чемпионаттарының тарихына енген болатын.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport