Швеция құрамасы 2026 жылғы футболдан әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне үшінші орыннан өткен үшінші команда атанды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Топтық кезеңнің соңғы турында шведтер Жапониямен 1:1 есебімен тең түсті. Бұған дейін олар Тунисті 5:1 есебімен ойсырата ұтып, Нидерландтан 1:5 есебімен есе жіберген болатын.
Үш матчтың қорытындысы бойынша Швеция төрт ұпай жинады. Бұл нәтиже команданың өз топтарында үшінші орын алған үздік сегіз құраманың қатарына енуіне жеткілікті болды.
F тобында бірінші орынды Нидерланд құрамасы иеленсе, Жапония екінші орынмен плей-оффқа жолдама алды.
Еске салайық, әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне топтарда бірінші және екінші орын алған құрамалармен қатар, үшінші орын иеленген үздік сегіз команда да жолдама алады.
Қазіргі уақытта мұндай мүмкіндікке Швециядан бөлек Босния және Герцеговина мен Эквадор құрамалары да ие болды.