"Шведтердің украин халқын жақсы көретініне көз жеткізетін боламыз". Владимир Зеленский

сурет: reuters

Украина президенті Владимир Зеленский Еуро-2020 турнирінің 1/8 финалында шығыс еуропалықтар жеңіске жетеді деп мәлімдеді Vesti.kz тілшісі. Бұл жайында бұрынғы әзіл-сықақ актері Жоғарғы Радада өткен жиында әзілмен жеткізді.

Жиында президент Швецияның ұлттық бейнеқор бөлімі Украинаға Пилип Орликтің Конституциясын сыйға тартқанын және Еуропа чемпионатында шведтердің топтық кезеңде жеңіске жетуінің арқасында украиналықтардың плей-офф кезеңіне шыққанын айтып, швед халқы украиндарға екі мәрте үлкен қошемет көрсеткенін тілге тиек етті.

"Ертең шведтердің украин халқын жақсы көретініне тағы да көз жеткізетін боламыз. Үздік команда жеңіске жетсін деп тілеймін. Дегенмен, қай құраманың мықты екенін өздеріңіз де жақсы білесіздер, - деп хабарлайды 24TV арнасы.

Еске салсақ, 29-нан 30-масымға қараған түні Глазгоның "Хэмпден Парк" аренасында жарыстың 1/8 финалында Швеция мен Украина құрамалары өзара мықтыны анықтайды. Тартысты матч елорда уақытымен түнгі сағат 1.00-де басталады.

Метки: