Швайнштайгер "Бавариямен" онлайн жаттықты

Сурет: Football.ua
Мюнхендік "Бавария" мен Германия құрамасының бұрынғы жартылай қорғаушысы Бастиан Швайнштайгер онлайн түрде өткен команда жаттығуына қатысты, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Коронавирусқа байланысты футболшылар үйінде жаттығады, ал бір-бірімен видеочат арқылы сөйлеседі.

"Интернет арқасында, "Бавария" жігіттерімен жаттығып, өткенімді еске алдым. Шақырғандарыңа рахмет, келесі кім?", - деп жазыпты спортшы "Твиттер" желісінде. 



Еске салайық, футболшы 2000 мен 2015 жыл аралығы "Бавариямен" өткізген 15 жылында сегіз рет Бундеслига мен бір рет Чемпиондар лигасын ұтқан. 
Жаңалықтар