Іштей іріп жатыр. Бельгия құрамасында футболшылар бір-бірімен жанжалдасуда

©instagram.com/fifaworldcup

Бельгия құрамасы тығырыққа тірелгенін талқылау үшін жиналыс өткізді, деп хабарлайды L'Equipe.

Кейінгі уақытта команда ішіндегі қарым-қатынас нашарлап кеткен, кейбір футболшылар тіпті бір-бірімен сөйлеспейтін көрінеді. 

Мәселен, Де Брейне Тибо Куртуамен сөйлеспейді, ал Эден Азар - Леандро Троссардпен. Сонымен қоса, шабуылшылар Ромелу Лукаку мен Миши Батшуайи арасы бұзылған. 

Кеше Де Брейне, Азар мен Ян Вертонген арасында үлкен жанжал болыпты, бұл керісті Лукаку уақытында тоқтатып үлгеріпті.

Еске салайық, топтық кезеңнің екі тур қортындысы бойынша Бельгия үш ұпай ғана жинады. Енді плей-офф кезеңге өту үшін командаға келесі матчте Хорватияны ұту қажет.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жаңалықтар