Шпилевский? "Краснодар" бас бапкерді таңдады

Сурет: "Қайрат" ФК

Виктор Гончаренко "Краснодар" командасын жаттықтыратын болды, деп хабарлайды ресейлік клубтың баспасөз қызметі.

Ол бұл қызметте Мурад Мусаевтың орнын басты. Команданы Мусаев жаттықтырып тұрған уақытта РПЛ-дің 24-ші турындағы матчте краснодарлықтар "Ахматтан" 5:0 есебімен ұтылған. 

Ал Гончаренко наурыз соңында ЦСКА клубынан кеткен болатын.

Бір қызығы краснодарлық клубқа жетекшілк ететін кандидаттар арасында "Қайраттың" бапкері Алексей Шпилевский де аталған еді. 

"Краснодар" 24 матчте 34 ұпаймен турнир кестесінде оныншы келеді.

Жаңалықтар