Шотландия мен Украина матчінде ірі есеп тіркелді

22 қыркүйек 2022 06:57
©football24

УЕФА Ұлттар лигасының күзгі маусымға жоспарланған ойындары басталды, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Шотландия құрамасы өз алаңында Украинаны ұтты. Есеп 3:0.

Бірінші таймда таблодағы есеп өзгермесе, үзілістен кейін шотландиялықтар жауапсыз үш гол салды. Стив Кларк шәкірттерінен Джон Макгин (70 минут) және Линдон Дайкс (80, 87 минут) көзге түсті.

Осы жеңісінен кейін В лигасының 1 тобында төрт матчтан кейін Шотландия 9 ұпаймен көш бастады. Украинада 7, Ирландия командасында 4 және Арменияда 3 ұпай бар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport