Шотландия ағылшындардан бір ұпай еншіледі

сурет: getty images

D тобының екінші кездесуінде де жеңімпаз анықталмады. Әйгілі "Уэмблидегі" матчта ағылшын арғымақтары Шотландиядан келген жігіттерді ұта алмады.

90-шы минуттың қорытындысы бойынша қос құраманың ойыншылары бір-бірінің қақпасына тек бір соққыдан ғана дәл бағыттаған. Қорытынды есеп 0:0.

2 турдан кейін Англия мен Чехия 4, Хорватия мен Шотландия 1 ұпайдан еншілеп отыр. Топтық кезеңдегі үшінші тур матчтары 22 маусымға жоспарланған.

Метки: