Шомуродов Қазақстанға қарсы кездесу туралы пікірімен бөлісті

©instagram.com/uzbekistanfa

"Рома" мен Өзбекстан құрамасының шабуылшысы Эльдор Шомуродов Қазақстанға қарсы өткен жолдастық кездесу туралы ойымен бөлісті, деп жазады Vesti.kz тілшісі. 

Еске салайық, Ташкент қаласында өткен ойын 2:0 есебімен алаң қожайындарының пайдасына аяқталды. Кездесудегі бір голды Шомуродов соқты. 

- Қарсыластың деңгейі туралы не айта аласыз?

- Бірінші кезекте осындай суық күнге қарамай бізге қолдау білдіруге келген жанкүйерлерге алғыс айтқым келеді. Ал ойында келетін болсақ, жоспарымызды жүзеге асыра алдық. Дегенмен әлі жұмыс істейтін сәттер бар. Қазақстан жақсы ойын көрсетті. 

- Құрамадағы реккордты жаңартуға бір гол қалды. Сіз бұған назар аударасыз ба?

- Әрине. Мен тарихқа кіргім келеді. 

- Енді алда Ресейге қарсы матч. Бұл ойыннан не күтесіз?

- Ресей Қазақстанға қарағанда қиындау қарсылас. Олар тек физикалық жағынан емес, техникалық жағынан да мықты. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport